447,67 487,00 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ-та коронавирусқа байланысты төтенше жағдай енгізілді

  • 155
  • UPD: 11:41, 14.03.2020
АҚШ-та коронавирусқа байланысты төтенше жағдай енгізілді Известия

АҚШ президенті Дональд Трамп коронавирустың кеңінен таралу қауіпіне байланысты төтенше жағдай жариялады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шара федералды және жергілікті органдардың індетпен күресті тиімді жүзеге асыру үшін қолға алынып отыр. Шешімге сәйкес алдағы аптада ауруханаларға дертті анықтайтын жарты миллион құрал-жабдық жеткізіледі. Ал бір айдың ішінде оның көлемі 5 миллионға жеткізілмек. Жарлық сондай-ақ Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдігін кеңейтеді.

Дональд Трамп, АҚШ президенті:

– Мен бүгін елде төтенше жағдай енгізу туралы шешім қабылдадым. Шара штаттар мен жергілікті биліктердің індетпен күресуіне ұлттық дағдарыс қорынан 50 миллиард доллар бөлуді қарастырады. Алдағы апталарда көп қиындықтарға төтеп беруге тура келеді. Бірақ біз бұл кеселге тосқауыл қоятынымызға сенімдімін.

Ал соңғы мәліметке қарағанда, АҚШ-та дертті жұқтырғандардың саны 2174-ке жеткен. Вирустан 41 адам көз жұмған. Вашингтон дерт көп таралып жатқан Еуропадан адамдардың ел аумағына бір айға дейін кіруіне тыйым салды.

Хабар 24 телеарнасы