417,87 496,90 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ДДСҰ: Еуропа коронавирустың жаңа ошағына айналды

  • 316
  • UPD: 18:38, 14.03.2020
ДДСҰ: Еуропа коронавирустың жаңа ошағына айналды

Еуропа коронавирус пандемиясының жаңа басты ошағына айналды.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Адханом Гебрейесус осындай мәлімдеме жасады. Мұнысы бекер емес. Кәрі құрлықта COVID-19-ды жұқтырғандар мен көз жұмғандар қатары өзге аймақтарға қарағанда әлдеқайда көп. Халықаралық ұйым басшысы кеселмен күресті қазіргіден де күшейтуге шақырып отыр. Соңғы мәліметтер бойынша әлемде коронавирусқа шалдыққандардың саны 145 мыңнан асып, көз жұмғанадар 5429-ға жетті. Еуропа бойынша Италия, Испания және Францияда қаза тапқандар көп.

Тедрос Адханом Гебрейесус, ДДСҰ бас директоры:

- Біз алдағы уақытта жағдай қалай өзгеретінін айта алмаймыз. Дертке тосқауыл қою әр мемлекеттің қолға алған шараларына, вируспен қалай күресуіне байланысты. Індеттің таралуының шыңырау шегі қай уақытта болатынын да айта алмаймыз.

Хабар 24 телеарнасы