447,60 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Билл Гейтс Microsoft компаниясының басшылығынан кетті

  • 161
  • UPD: 15:40, 15.03.2020
Билл Гейтс Microsoft компаниясының басшылығынан кетті

Америкалық кәсіпкер Билл Гейтс Microsoft компаниясының басшылығынан кетті. Ол мұндай шешімді денсаулық сақтау, білім, ғылым саласындағы қайырымдылық және климаттың өзгеруімен айналысу мақсатында қабылдаған.

Бірақ кәсіпкер компанияның бас директорының техникалық мәселелер жөніндегі кеңесшісі болып қала бермек.

Еске сала кетейік, Майкрософт компаниясын 1975 жылы Билл Гейтс пен Пол Аллен құрған. «Форбс» журналының нұсқасы бойынша Гейтс биыл қаңтар айында әлемдегі ең бай адамдардың ішінде үшінші орынды иеленген.

Хабар 24 телеарнасы