425.05 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

БҰҰ-ның Женевадағы бөлімшесінде қызметкерден коронавирус анықталды

  • 379
  • UPD: 15:40, 15.03.2020
БҰҰ-ның Женевадағы бөлімшесінде қызметкерден коронавирус анықталды

БҰҰ-ның Женевадағы бөлімшесінде бір қызметкерден коронавирус анықталды. Бұл халықаралық ұйымның еуропалық шатб-пәтеріндегі алғашқы оқиға.

Қазір науқаспен байланысқа түскен адамдардың бәрі тексеріліп, сақтық шаралары күшейтілген.

Айта кетейік, бұған дейін ұйымның Еуропадағы бөлімшесі қызметкерлердің қашықтан жұмыс істеу тәртібіне көшірілетінін мәлімдеген еді. Бұл тәртіп журналистерге де ортақ. Ақпарат құралдары өкілдерінің ұйым ғимаратына кіруі шектелген.

Айта кетейік, қазір Швейцарияда вирус жұқтырғандардың саны 1 мың 375-ке жетті. 13 адам қайтыс болған.

Хабар 24 телеарнасы