417,87 496,90 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Польша дерттің таралуын тоқтату үшін барлық елмен шекараны жапты

  • 329
  • UPD: 08:22, 16.03.2020
Польша дерттің таралуын тоқтату үшін барлық елмен шекараны жапты

Польша коронавирустың таралуын тоқтату үшін барлық елмен шекараны жауып, шетелдіктердің ел аумағына кіруіне тыйым салды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Халықарлық теміржол және әуе байланысы тоқтатылды. Ел аумағына адамдардың тек автобус немесе көлік арқылы кіруіне рұқсат етілген. Жаңа тәртіп наурыздың 24-іне дейін созылып, тағы ұзартылуы мүмкін. Билік сондай-ақ індет көп таралған елдердегі өз азамттарын ұшақпен алып қайтуды қарастырып жатыр.

Айта кетейік, Польшада коронавирус алғаш рет 4 наурыз күні тіркелген. Содан бері дертті жұқтырғандардың саны 103-ке жетті. Вирустан 3 науқас қайтыс болып, 13 адам жазылып шықты.

Хабар 24 телеарнасы