447,67 487,00 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нью-Йоркте кафелер мен мейрамханалар жабылады

  • 107
  • UPD: 09:27, 16.03.2020
Нью-Йоркте кафелер мен мейрамханалар жабылады

Нью-Йорк билігі коронавирустың тез таралуына байланысты 17 наурыз күні сағат 9:00-ден бастап барлық мейрамханалар мен барларды жабу туралы шешім қабылдады, деп мәлімдеді қала мэрі Билл де Блазио.

Дегенмен қала тұрғындарына тағамдарды үйге жеткізу қызметі қолжетімді болмақ.

Сонымен қатар қаладағы түнгі клубтар, кинотеатрлар мен шағын театрлар жабылған.

Нью-Йорк мэрінің айтуынша, қалада коронавирустан бес адам қайтыс болды.

Хабар 24 телеарнасы