426,73 523.00 5.95
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Словакия билігі де төтенше жағдай жариялады

  • 489
  • UPD: 12:12, 16.03.2020
Словакия билігі де төтенше жағдай жариялады

Бүгін таңы сағат 06:00-ден бастап елдегі азық-түлік дүкендерінен басқа барлық сауда орындары, оқу орындары мен балабақшалар жабылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал, елдегі дәріханалар, банктер, жанармай құю бекеттері мен пошта бөлімшелері жұмыс істейтін болады. Заң бойынша тұрғындарға өзге қалаларға қатынауға тыйым салынды.

Айта кетейік, қазір Словакияда 61 адам COVID-19 вирусын жұқтырған.

Хабар 24 телеарнасы