431,82 507,51 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оңтүстік Америкадағы Эквадор билігі саяхатшылар үшін шекарасын жапты

  • 433
  • UPD: 14:37, 16.03.2020
Оңтүстік Америкадағы Эквадор билігі саяхатшылар үшін шекарасын жапты

Оңтүстік Америкадағы Эквадор билігі коронавирустың таралуына байланысты наурыздың 15-інен бастап барлық саяхатшылар үшін шекарасын жапты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сонымен қатар ел тұрғындарына емін-еркін сыртқа шығып жүруіне рұқсат жоқ. Халық тек азық-түлік алу үшін, медициналық мақсатта немесе жұмыс бабымен ғана үйінен шыға алады. Ал Эквадордағы шетел азаматтары шұғыл өз елдеріне қайтуы тиіс.

Айта кетейік, өңірде COVID-19 инфекциясына шалдыққандардың қатары 28-ге жетті, 2 адам осы індеттен көз жұмды.

Хабар 24 телеарнасы