443,50 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өзбекстанда коронавирус жұқтырғандар саны алтыға жетті

  • 157
  • UPD: 15:45, 16.03.2020

Қауіпті дертке шалдыққан осы елдегі алғашқы дерек кеше тіркелген еді. 

Көрші мемлекеттегі жағдай әріптесім Жасын Біркеновтің назарында. Қазір ол эпидемиологиялық ахуал туралы баяндайды. Жасын қолда бар ақпаратпен бөліссеңіз!

Жасын Біркенов, тілші:

Осы елдегі алғашқы коронавирус дерегі кеше Вирусология институтының зертханасында тіркелді. Оны наурыздың 11-і күні Парижден ұшып келген келіншек жұқтырған. Сонымен бірге бүгін таңертең тағы үш адамда жұқпалы аурудың белгілері анықталғаны белгілі болды. Оның екеуі қауіпті індетке шалдыққан әйелдің балалары. Қазіргі уақытта науқастың тағы 10 туған-туысы, бір рейспен ұшып келген 23 жолаушы және сол күні әуежайда жұмыс істеген шекарашылар, кеденшілер мен әуежай қызметкерлері карантинге алынды. Бұдан бөлек, кеше Ыстамбұлдан Ташкентке ұшып келген Өзбекстан азаматынан вирус анықталды, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі. Ал бүгіннен бастап ала шапандылар шетелдіктер үшін шекарасын жауып тастады. Барлық мемлекетпен әуе және көлік байланысы тоқтатылды. Теміржол қатынасы да екі күннен кейін уақытша үзіледі. Балабақша, мектеп, колледждер мен университеттер карантинге жабылып, оқушылар мен студенттер демалысқа жіберіледі. Мәдени һәм спорттық шараларды, мекемелерде мәжілістер мен жиындарды өткізуге де тыйым салынып отыр.

Авторлары: Ж.Біркенов, Қ.Оспан

Хабар 24 телеарнасы