422.97 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Әлем экономикасы жыл соңына таяу 4 трлн доллардан қағылуы мүмкін

  • 669
  • UPD: 23:15, 16.03.2020

Коронавирустің беті қайтар емес. Еуропаның үш елінде қауіпті кеселден көз жұмғандардың қайғылы рекорды тіркелді. Италияда соңғы бір тәулікте коронавирустан 368 науқас мерт болды. Испанияда 97, Францияда 29 тұрғын COVID-тен көз жұмды.

Бір тәулікте Италияда осыншама науқас коронавирустың жаңа түрінен көз жұмды. Қаза тапқандардың жалпы саны 1809-ға жеткен. Өңірде азық-түлік дүкендері мен дәріханалардан басқа барлық ғимарат есігін тарс жапты. Енді шет мемлекеттер ел аумағындағы өз азаматтарын шұғыл эвакуациялап жатыр. 

Испания. Мұнда дүйсенбі яғни, бүгін таңертең жаппай карантин басталды. Адамдар жұмысқа, дәрігерге немесе азық-түлік алуға ғана үйден шыға алады. Ал, өзге мақсатта көшеге шығуға тыйым салынған. Бұл орайда ел премьері Педро Санчестің өзі карантинде екенін айта кетейік. Себебі бұған дейін оның әйелінен Covid-19 вирусы анықталған еді. 

Сержант:

- Испания елінің азаматтары үшін қауіпсіздік бірінші орында болуы керек. Сондықтан көшеге шықпай, сабыр сақтаңыздар. Үйде болып, бірнеше адамның өмірін аман алып қала аласыздар. 

Германия да таңғы 8-ден бастап ел аумағын оқшаулап жатыр. Австрия, Швейцария, Франция, Дания, Люксембург үшін енді шекара жабық. Қанша уақытқа созылатыны әлі белгісіз. Берлинде 50 адамнан асатын іс-шараларды өткізуге тыйым салынды. Кинотеатр, түнгі клуб, спортзалдар жабық. 

Дитер Хатт, полиция қызметкері:

- Бүгін таңертеңнен бастап, Франциямен шекараны қатаң бақылауға алдық. Егер жолаушылардың нақты себебі болмаса, олар өз елдеріне қайтарылады. Сондай-ақ дене қызуларын да тексеріп жатырмыз. Ауру адам анықталған жағдайда денсаулық сақтау басқармасына хабар береміз. 

Австрия болса ел аумағына кіруге тыйым салынған мемлекеттер тізімін ұлғайтты. Ирландияда Әулие Патрик күнін тойлауға шыққан жұртты тарқату жүріп жатыр.

Төтенше режим жарияланған АҚШ-тың бірқатар штатында мектептер 31 наурызға дейін жабылды.

Ресейде студенттер қашықтықтан оқытуға көшірілді. Қауіпті індет жайлаған бірқатар әлем елдерінде қоғамдық көлік, адам көп шоғарланатын ғимараттарды залалсыздандыру жұмыстары жалғасып жатыр. 

Мароккода болса «біреу тойып, біреу тоңып секіредінің» кебі келді. Мараккеш әуежайына жиналған саяхатшылар биліктің 25 елмен әуеқатынасын тоқтату шешіміне қарсы ереуілдер өткізді. 

Сонымен соңғы деректер бойынша COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны әлем бойынша 169 мыңнан асып жығылған. Кесел 150 елде тіркелді. 2020 жылы әлемдік экономиканың өсуін болжағандар, енді коронавирустың мына қарқынына қарап жаһан жыл соңында 4 трлн доллардан қағылуы мүмкін деген болжам жасады.

Хабар 24 телеарнасы