423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Франция шекарасын жапты

  • 392
Франция шекарасын жапты

Коронавирустың таралуына байланысты Франция президенті Эммануэль Макрон Еуроодақ пен Шенген аумағына кіретін елдердің шекарасы жабылатынын хабарлады.

Шектеу 30 күнге созылмақ. Сонымен қатар жергілікті билік азаматтардың ел ішіндегі қозғалысын да шектеді. Ереже бүгіннен бастап күшіне еніп, 15 күнге жалғасады. Бұл туралы Макрон өзінің телеүндеуінде хабарлады.

Эммануэль Макрон, Франция президенті:

– Кез келген жиналыстар, отбасылық мерекелердің ұйымдастырылуына тыйым салынады. Биліктің бұған дейін қойған шектеулеріне қарамастан, халық санитарлық нормаларға сәйкес талаптарды орындамай жатыр. Көшеге шығуды да доғару керек. Барынша сақануға тырысайық.

Франция үкіметі кешеден бері шағын кәсіпорындар үшін комуналды төлемдер мен салықты уақытша төлемеуге рұқсат берді. Қазір елде барлық оқу орындары, мейрамханалар, спортзалдар мен кітапханалар жабық. Соңғы деректерге сәйкес Францияда 6,5 мың адам коронавирус жұқтырған. Ал 148 науқас осы дерттен көз жұмды.

Хабар 24 телеарнасы