430,39 515.14 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

АҚШ Филиппинге коронавируспен күресу үшін $2,7 млн бөлді

  • 371
  • UPD: 13:28, 17.03.2020
АҚШ Филиппинге коронавируспен күресу үшін $2,7 млн бөлді

АҚШ билігі Филиппиннің денсаулық сақтау министрлігіне коронавируспен күресу үшін 2,7 млн доллар бөлді.

Бұл туралы АҚШ-тың Филиппиндегі елшілігі хабарлады.

Елшіліктің хабарлауынша, АҚШ тарапынан көрсетіліп жатқан көмек зертханалардың жағдайларды дәл және тез анықтау мүмкіндіктерін жақсартпақ. Сонымен қатар мұндай шаралар медициналық қызметкерлер мен науқастарды қажетті гигиеналық құралдармен және басқа да қажетті материалдармен қамтамасыз етуге көмектеседі.

Хабар 24 телеарнасы