423,41 498,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Коронавирус жұқтырған Том Хэнкс пен оның әйелі ауруханадан шықты

  • 356
  • UPD: 16:03, 17.03.2020
Коронавирус жұқтырған Том Хэнкс пен оның әйелі ауруханадан шықты

Коронавирус диагнозы қойылған америкалық актер, «Оскар» сыйлығының иегері Том Хэнкс пен оның әйелі Рита Уилсон Австралия ауруханасынан емделіп шықты.

Бұл туралы олардың ұлы Чет Хэнкс Instagram парақшасында мәлімдеді.

«Олар ауруханадан шығарылды, дегенмен әлі де карантинде, бірақ өздерін әлдеқайда жақсы сезінеді», - деді Чет Хэнкс.

Сондай-ақ ол коронавирусқа шалдыққандарға тезірек сауығып шығуды тіледі.

Актер бұған дейін әйелі екеуінің коронавирус жұқтырғанын хабарлаған болатын.

Айта кетсек, 63 жастағы актер жұбайы екеуі Австралияға жергілікті кинорежиссер Баз Лурманның әнші Элвис Пресли туралы фильмінің түсіріліміне барған. Хэнкс бұл кинода әншінің менеджері Том Паркердің рөлін сомдайды.

Одан соң Том Хэнкс Twitter-дегі парақшасында өзінің коронавирус жұқтырғаннан кейінгі жағдайы туралы жазып, олардың денсаулығына алаңдап жатқандарға алғысын білдірген болатын.

Айта кетсек, бүгін «Тақтар ойыны» сериалының актері Кристофер Хивьюдан коронавирус анықталды.

Хабар 24 телеарнасы