Жапония үкіметі Иранға 2,5 миллиард иен, яғни шамамен 24 миллион долллар бөлмек, деп хабарлайды «Хабар 24».
Қомақты қаржы коронавруспен күрес шараларына жұмсалады. Өйткені әлем бойынша осы вирус қатты өршіп тұрған елдердің бірі – Иран. Мұнда індетті 15 мыңға жуық адам жұқтырған. Сөйтіп, науқастар саны бойынша Ислам Республикасы Қытай мен Италиядан кейін үшінші орында тұр. Ал, көз жұмғандардың саны 850-ден асады.