445,84 487,00 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркияда коронавирустан алғашқы адам қайтыс болды

  • 567
  • UPD: 08:24, 18.03.2020
Түркияда коронавирустан алғашқы адам қайтыс болды

Түркияда коронавирустен бір адам қайтыс болды. Бұл COVID-19 вирусына байланысты тіркелген алғашқы өлім. 

Елдің денсаулық сақтау министрі Фахреттин Қожаның айтуынша, 89 жастағы науқас індетті Қытайға барып келген жұмысшысынан жұқтырған. Соңғы мәліметтерге сәйкес,  Түркияда қауіпті індетті жұқтырғандардың саны 98-ді құрап отыр. Оның 51-і бүгін анықталды. Жалпы елде коронавирус жұқтырудың бірінші дерегі бір апта бұрын тіркелген. Осыған байланысты түрік билігі шұғыл түрде халықтың көптеп жиналатын мекендері мен ойын-сауық орталықтарының жұмысын тоқтатып,  білім ордаларында 3 апталық демалыс жариялаған.

Сондай-ақ Қытайдан кейін қатерлі дерттің ошағына айналған Еуропа, Таяу Шығыс мемлекеттерімен әуе рейстері белгісіз мерзімге дейін шегерген, дейді елдегі меншікті тілшіміз Меруерт Қанағат. 

Фахреттин Қожа,  денсаулық сақтау министрі:

- Өкінішке орай, коронавирустен бір кісі көз жұмды. 89 жастағы ер адам індетті Қытайға барып келген жұмысшысынан жұқтырған. Алдымен зерттеуді, науқастармен байланыста болған кісілерден бастап отырмыз. Бұл жұқпалы аурудың алуда елеулі роль ойнап отыр.

Хабар 24 телеарнасы