422.97 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Сеулде компьютер клубы кесірлі дерт ошағына айналды

  • 529
  • UPD: 08:51, 18.03.2020

Оңтүстік Кореяда коронавирусқа шалдыққандар саны азайып келеді. Бірнеше күн қатарынан тіркеу көрсеткіші төмендеді. Алайда Сеул аймағында науқастар біршама. Тіпті індетті жұқтырудың жаңа ошақтары табылды.

Владислав Цой, тілші:

- Сеулде полиция ойын клубына келушілерді іздеуде. Себебі әлгі клубта коронавирус жұқтырған науқас анықталған. Тондэмун ауданында он төрт жастағы оқушы бес күн бойы компьютерде отырған. Наурызда сол ойын орталығына мыңға жуық адам барғаны да белгілі. Олардың көпшілігі табылды, бірақ сексенге жуық адам әлі іздеуде. Компьютер клубы Сеулде және астаналық Кёнги провинциясындағы жаппай инфекцияның үшінші ошағына айналды. Біріншісі Сеулдің Гуро ауданындағы байланыс орталығы. Екіншісі Соннам қаласындағы «Мейірімділік өзені» шіркеуі. Ойын орталығында анықталған жағдай ата-аналар арасында алаңдаушылық туғызды. Кеше білім министрлігі үшінші рет оқу жылы басталуын наурыз айының басынан сәуірдің алтысына ауыстырды. Сарапшылар Сеулге жақын орналасқан қалаларында індет жұқтырғандардың саны инфекцияның негізгі ошағы Тэгу мен Солтүстік Кёнсан провинциясында санынан асып кетуі мүмкін деп айтады. Өйткені елорда аймағында жиырма алты миллионнан астам адам тұрады. Сондықтан COVID-19 таралуын бақылау қиын. Соңғы мәліметтер бойынша Оңтүстік Кореяда коронавирусты жұқтырғандар саны сегіз мың үш жүз жиырма адамды құрады. Мың төрт жүзден астам науқас сауығып кетті. Сексен бірі өмірден өтті.

Хабар 24 телеарнасы