429,96 501,70 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Коронавирус АҚШ экономикасын әлсіретеді – Трамп

  • 532
  • UPD: 08:16, 18.03.2020
Коронавирус АҚШ экономикасын әлсіретеді – Трамп

Коронавирустың өршуінен Америка экономикасы рецессияға ұшырауы мүмкін. Бұл туралы Ақ үйде өткен брифингте АҚШ президенті Дональд Трамп мәлімдеді.

Дональд Трамп, АҚШ Президенті:

- Коронавирустың кеңінен етек жаюы экономиканың құлдырауына әкелуі мүмкін. Бірақ біз бұл жағдайды вируспен күрес жағынан қарастырып отырмыз. Біз кеселдің жолын кескен кезде қор нарығында сұраныс едәуір артады. Экономикада дәл сондай жағдай болады. Менің ойымша, індеттің таралуы тоқтап, бәрі аяқталған кезде керемет өсімнің куәсі боласыздар. 

Дүйсенбі күні Американың негізгі индекстері  оннан астам процентке төмендеп кеткен.

Блумбергтің хабарлауынша, бұл соңғы 30 жылдағы ең ірі құлдыраулардың бірі. Жалпы АҚШ билігі коронавирус  шілде-тамыз айларында аяқталады деген болжам жасап отыр. Бірақ бұл мерзім ұзаруы да мүмкін.

Айта кетейік, бүгінде Құрама Штаттарда 70 адам вирус құрбаны болғаны белгілі.

Хабар 24 телеарнасы