428,02 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Кореяда оқу жылының басталуы кейінге шегерілді

  • 829
  • UPD: 08:21, 18.03.2020
Кореяда оқу жылының басталуы кейінге шегерілді

Оңтүстік Корея билігі оқу жылының басталуын тағы да кейінге шегерді. Бұл осымен үшінші мәрте жасалынып отыр.

Негізі таңғы шық елінде биылғы оқу жылы 2-інші наурызда басталуы тиіс еді. Алайда коронавирусқа байланысты ол кейінге шегеріліп келеді. Енді балабақша мен мектептер тек алтыншы сәуірде ғана ашылады деп күтілуде. Жалпы Оңтүстік Кореяда дертті жұқтырғандардың саны 8 мың 300-ден асады. 80-нан астам науқас қайтыс болып, 264-і айығып шыққан. Вирусты жұқтырғандардың 505-і кәмелетке толмағандар.     

Юн Ын Хе, Оңтүстік Корея премьер-министрінің орынбасары:

- Оқу жылының басталуы тағы екі аптаға, яғни 23 наурыздан 6 сәуірге дейін кейінге шегеріледі. Біз осылайша індеттің тез таралуына тосқауыл қоюды көздеп отырмыз. Осы ретте бізге алдағы 2-3 аптада тұрғындардың көмегі қажет болады.

Хабар 24 телеарнасы