420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Үндістанда тарихи ескерткіштер мен мұражайлар жабық тұр

  • 549
  • UPD: 08:52, 18.03.2020
Үндістанда тарихи ескерткіштер мен мұражайлар жабық тұр

Үндістанда коронавирусқа қатысты қауіптің күшеюіне байланысты 3 мыңнан аса тарихи ескерткіш пен мұражай жабылды.

Бұл орындарға 31 наурызға дейін келуге болмайды. Осы ретте билеттерін алдын ала сатып алған туристерге ақшалары кері қайтарыла бастаған. Жабылған орындардың қатарында туристер арасында танымал Тәж-Махал кесенесі де бар. Статистика бойынша оны көруге жыл сайын 3 миллионнан аса саяхаттаушы келеді екен. Жалпы осы Үндістанда 130-ға жуық адамның коронавирусты жұқтырғаны расталды. Індеттен 3 тұрғын көз жұмған. Олар 64 және 76 жастағы екі ер адам мен 69 жастағы әйел. Ал науқастардың ең кішкентайы3 жасар қыз бала. Ол вирусты АҚШ-қа барып қайтқан әкесінен жұқтырған екен.    

Сухита Савант, саяхатшы:

- Біз Делиге Мумбайдан келген едік. Алайда мұнда бізге қызықты орындардың барлығы жабық тұр. Осыдан кейін көңіліміз түсіп қалды.

Хабар 24 телеарнасы