424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қырғызстанда коронавирустың алғашқы жағдайлары тіркелді

  • 684
  • UPD: 16:38, 18.03.2020
Қырғызстанда коронавирустың алғашқы жағдайлары тіркелді

Қырғызстанда коронавирус жұқтырған алғашқы 3 науқас тіркелді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Дертке шалдыққан дін өкілдері наурыздың 12-сі күні Сауд Арабиясынан қажылықтан келген. Дәрігерлер 8 адамнан қан сынамасын алып, Бішкек қаласына жіберді. Оның қорытындысы бойынша үш адамнан коронавирус анықталды. Елдің денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, Сауд Арабиясы карантинге жатқызылған елдердің тізіміне кірмеген. Сондықтан қажылықтан келгендер обсервациялық бақылауға жіберілген жоқ. Енді жергілікті билік қажылыққа барған жүздеген адамның барлығын карантинге оқшаулап жатыр.

Космосбек Чолпонбаев, Қырғызстанның денсаулық сақтау министрі:

– Бүгін төтенше жағдайға қатысты штабтың шұғыл отырысы өтіп, тиісті шаралар қабылданады. Дәрігерлер тарапынан вирустың таралмауы үшін барлық тиісті әрекеттер жасалынды. Бірінші кезекте дисциплинаны сақтауымыз керек.

Хабар 24 телеарнасы