448,52 487,00 5.74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сербияда коменданттық сағат енгізілді

  • 109
  • UPD: 16:12, 18.03.2020
Сербияда коменданттық сағат енгізілді

Ол кешкі сағат сегізден таңғы 5-ке дейін жалғасады.

Бұған қоса, ел билігі жасы 65-тен асқан азаматтарға сыртқа шығуға тыйым салды. Өз кезегінде, елдегі төтенше жағдайға байланысты елдің Орталық сайлау комитеті парламенттік сайлауға дайындықты тоқтату туралы шешім шығарды.

Александр Вучич, Сербия президенті:

– Түнде жұмыс істеуге мәжбүр адамдардан басқа ешкімге сыртқа шығуға рұқсат жоқ. Басқа амалымыз болмағандықтан, осындай шара қабылдауға тура келді.

Айта кетейік, бұған дейін Сербияда барлық білім мекемелері, мейрамханалар, спорт және концерт залдары жабылған еді. Армия медициналық мекемелерді күзетсе, полицейлер карантин ережелерінің сақталуын бақылауға алған. Естеріңізде болса, Сербияда коронавирус жұқтырудың алғашқы дерегі шамамен 2 апта бұрын тіркелген болатын. Бүгінде қатерлі дертке шалдыққандардың саны 60-тан асқан

Хабар 24 телеарнасы