439,01 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Малайзияда коронавирустан адамдардың қозғалысына шектеу енгізілді

  • 125
  • UPD: 08:28, 19.03.2020
Малайзияда коронавирустан адамдардың қозғалысына шектеу енгізілді

Малайзияда коронавирустың таралуынан азаматтардың қозғалысын бақылау туралы бұйрық күшіне енді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Құжат наурыздың 31-іне дейін күшінде болады. Оған сәйкес жергілікті тұрғындар мен шетелдіктерге бір аймақтан екінші аймаққа қатынауына тыйым салынады. Осымен қатар азаматтардың үйлерінен шығуы да шектелді. Мемлекеттік органдар мен жекеменшік кәсіпорындар қашықтан жұмыс жасауға көшеді. Тәртіпті қадағалуға полиция мен әскерилер жұмылдырылды. Карантинге байланысты тұрғындар арасында дүрбелең байқалып, сауда орталықтары азық-түлік сатуды реттеуге көшті.

Ахмед Фаузи, жергілікті тұрғын:

- Дүкендерде асыққан адамдар көбейді. Бұл өзге тұрғындарға кері әсер етуде. Сондықтан қандай жағдай болмасын азаматтар сабыр сақтауы керек деп ойлаймын.

Жалпы Малайзия коронавирусқа шалдыққандар саны бойынша Оңтүстік-шығыс Азияда алдыңғы орында. Соңғы мәліметке қарағанда, бұл мемлекетте COVID-19-ды жұқтырғандардың саны 673-ке жеткен. Дерттен 2 адам көз жұмды

Хабар 24 телеарнасы