413,26 452,15 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бельгия жаппай карантин шараларын енгізіп жатыр

  • 190
  • UPD: 08:51, 19.03.2020
Бельгия жаппай карантин шараларын енгізіп жатыр

18 наурыздан бастап 5 сәуірге дейін тұрғындарға ел аумағында жүріп-тұруға қатаң тыйым салынды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Азаматтар үйден тек азық-түлік, дәріхана, пошта немесе банкке бару үшін ғана шыға алады. Тәртіп сақшылары бұл шаралардың орындалуын бақылауда ұстайды. Бұл шешімді Ұлттық қауіпсіздік кеңесі қабылдады. Өткен бір тәулікте ел аумағында коронавирусты тағы 243 адам жұқтырған. Сөйтіп, қауіпті кеселге шалдыққандар саны Бельгияда 1486 ға жетті. Індеттен 14 адам көз жұмды.

Хабар 24 телеарнасы