427,88 501,70 5.49
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Лондонда коронавирусқа байланысты 40 метро станциясы жабылады

  • 363
  • UPD: 09:54, 19.03.2020
Лондонда коронавирусқа байланысты 40 метро станциясы жабылады autogear.ru

Лондонда бейсенбіден бастап ондаған метро станциясы жабылып, автобус маршруттары қысқартылады. 

Мұндай шешім коронавирустың таралуын тоқтату мақсатында және жолаушылар ағынының азаюына байланысты қабылданып отыр, деп хабарлайды РИА «Новости».

Сондай-ақ жұма күннен бастап Ватерлоо вокзалын қаланың іскерлер орталығымен байланыстыратын Waterloo & City line тарамы жабылады. Жер үсті метросында да шектеулер енгізіледі.

Айта кетерлігі, дүйсенбі күні Британия премьері Борис Джонсон азаматтарға қашықтан жұмыс істеуге көшіп, адамдар көп шоғырланатын жерлерге бармауға кеңес берді. Жұма күні елде мектептер де жабылады.

Хабар 24 телеарнасы