419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ираннан ауғанстандық босқындар жаппай еліне қайтып жатыр

  • 422
  • UPD: 15:24, 19.03.2020
Ираннан ауғанстандық босқындар жаппай еліне қайтып жатыр

Иранда коронавирусқа шалдыққандардың артуына байланысты ауғанстандық босқындар жаппай еліне қайтып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ислам республикасынан Ауғанстанға күніне 15 мыңға дейін мигрант өтуде. Осыған байланысты ресми Кабулдың алаңдаушылығы күшейген. Себебі, денсаулық саласы әлсіз Ауғанстан індетке қарсы төтеп бере алмай қалуы мүмкін. Тегеран болса, шекараны жабудан бас тартып отыр. Ал ресми дерекке сүйенсек, Ислам республикасында 3 миллионнан астам ауған босқыны бар екен.

Шахвали Хоссени, ауғанстандық босқын:

Соңғы 10 күннің ішінде Ауғанстанға қайтып жатқан босқындардың саны күрт өсті. Себебі адамдар коронавирусқа шалдығып қаламыз ба деп қорқады. Бірақ бұл мәселені шеше қоймас. Өйткені ол жақта да індет тіркелген.

Айта кетейік, Иран – әлемде коронавирус ең көп таралып жатқан елдің бірі. Ислам республикасында дертке шалдыққандардың саны 16 мыңнан асып, аурудан 988 науқас көз жұмған.

Хабар 24 телеарнасы