419,02 492,14 5.75
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нидерландтың денсаулық сақтау министрі сөз сөйлеп тұрған жерінде талып қалды

  • 397
  • UPD: 15:29, 19.03.2020
Нидерландтың денсаулық сақтау министрі сөз сөйлеп тұрған жерінде талып қалды

Нидерландтың денсаулық сақтау министрі парламент қабырғасында коронавирусқа байланысты сөз сөйлеп тұрған жерінде талып қалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Желіде таралған бейнежазбадан мінберде сөз сөйлеп тұрған саясаткердің басында теңселіп, кейін жерге құлағанын көруге болады. Бірақ тез арада министрдің әріптестері оған көмекке келеді. Осыдан кейін ол өзінің баяндамасын ары қарай жалғастырды. Ол тіпті креслоға отырудан да бас тартады. Әзірге министрдің халі не себепті күрт нашарлап кеткені белгісіз.

Айта кетейік, бүгінде Нидерландта 2 мыңнан аса адам ауру жұқтырған. Тағы 58 азамат көз жұмды. 

Хабар 24 телеарнасы