419,54 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ресейде коронавирустың геномы толықтай анықталды

  • 715
  • UPD: 18:16, 19.03.2020
Ресейде коронавирустың геномы толықтай анықталды

Ресейлік ғалымдар коронавирустың толық геномын анықтады.

Бұл туралы Ресейдің Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді, деп хабарлады lenta.ru.

А.А.Смородинцев атындағы ғылыми-зерттеу институтының мамандары COVID-19 жұқтырған науқастың материалынан алынған SARS-CoV-2 коронавирусының алғашқы толық геномын анықтады.

«Бұл ақпарат коронавирусты емдеуге арналған вакциналар мен вирусқа қарсы препараттарды жасауға көмектеседі», - делінген хабарламада.

Мекеме директорының міндетін атқарушы Дмитрий Лиознов SARS-CoV-2 вирусына жасалған генетикалық талдаудың оның таралуы мен эволюциясын түсіну үшін маңызды екенін айтты.

Генетикалық деректер коронавирустың ғаламдық эволюциясын бақылау үшін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) мен әлемдік жетекші зерттеу топтары қолданатын халықаралық EpiCoV GISAID дерекқорына жүктелген.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы SARS-CoV-2 коронавирусына қарсы вакцинаны сынамадан өткізе бастағанын жазған болатынбыз.

Коронавирус пандемиясы қалай басылады – биолог

Хабар 24 телеарнасы