423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Тунисте коменданттық сағат енгізілді

  • 337
  • UPD: 09:59, 20.03.2020
Тунисте коменданттық сағат енгізілді

Коронавирустың таралуына байланысты Тунисте коменданттық сағат енгізілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шектеу күн сайын кешкі сағат алтыдан таңғы алтыға дейін созылады. Енді қала көшелерін әскерилер күзетеді. Әзірге жаңа тәртіптің қанша уақытқа созылатыны белгісіз.

Айта кетейік, бұған дейін ел билігі тұрғындардың қоғамдық орындарға жиналуына тыйым салған еді. Сөйтіп ел бойынша барлық базар мен мешіт жабылды.

Заед Изайд, жергілікті тұрғын:

– Әрбір азамат тәртіпке бағынуы тиіс деп ойлаймын. Жалпы коменданттық сағат дер кезінде енгізілді. Себебі бұған дейін тұрғындар оқшаулану ережелерін бұзып келді.

Хабар 24 телеарнасы