411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Коронавирустан көз жұмғандар бойынша Италия Қытайдан озды

  • 271
  • UPD: 11:35, 20.03.2020

Соңғы бір тәулікте коронавирустан бірден 427 адам бақилық болған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал бұған дейін кеселден 475 азамат қаза тапқан еді. Бұл 24 сағат ішінде тіркелген өлім-жітім саны жағынан рекордтық көрсеткіш болды. Осылайша, қазіргі таңда Италияда қатерлі дерттен көз жұмғандар саны 3 мың 405-ке жетті. Ал Қытайда 3 мың 245 адам вирус құрбаны болған. Айта кетейік, 10 наурыздан бері бүкіл Италия карантинде. Адамдардың жүріп-тұруы шектелген. Барлық білім беру мекемелері жабық. Туристердің елге кіруіне тыйым салынды. Эпидемиямен күреске әскери қызметкерлер тартылған.

Анджело Боррели, азаматтық қорғаныс қызметінің жетекшісі:

– Бір тәулік ішінде 415 адам аурудан айықты. Қазір олардың жалпы саны 4440-қа жетіп отыр. Десе де, соңғы бір күнде тағы 4 жарым мың адам дертке шалдықты. Бұл – рекордтық көрсеткіш.

Италияда коронавирус құрбандарының орташа жасы 80,5

Коронавирус: Италияда бір тәулікте 500-ге жуық адам көз жұмды

Фоторепортаж: коронавирустың құрсауында қалған Италия

Хабар 24 телеарнасы