439,01 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Италия коронавирустан қайтыс болғандардың денесін әскери техникамен шығарып жатыр  

  • 190
  • UPD: 11:37, 20.03.2020

Италия билігі Бергамодан коронавирус құрбандарының мәйітін алып шығу үшін әскери техника жұмылдырды. Бұл іске 15 арнайы көлік пен 50 әскери техника бөлінген, деп хабарлайды Рейтерс агенттігі.

Қаз-қатар тізілген ауыр машиналарды жергілікті тұрғындар ұялы телефонына түсіріп алған.

Еске сала кетейік, кеше Италияда бір тәулікте COVID-2019-дан 475 науқас көз жұмды. Өлімнің көбі  Бергамо қаласында тіркелді. Мұнда мәйіттерді кремдеу орталығы күшейтілген жұмыс тәртібіне көшсе де, үлгермей жатыр.

«Сондықтан өліктер әскери техникамен жақын маңдағы Модене, Акви Терме, Домодоссоле, Парме, Пьяченце қалаларына жеткізілмек», – дейді билік өкілдері.

Коронавирустан көз жұмғандар бойынша Италия Қытайдан озды

Италияда коронавирус құрбандарының орташа жасы 80,5

Коронавирус: Италияда бір тәулікте 500-ге жуық адам көз жұмды

Фоторепортаж: коронавирустың құрсауында қалған Италия

Хабар 24 телеарнасы