417,99 492,14 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Калифорнияда 25 млн тұрғын коронавирус жұқтыруы мүмкін

  • 205
  • UPD: 12:55, 20.03.2020
Калифорнияда 25 млн тұрғын коронавирус жұқтыруы мүмкін

Екі айдың ішінде Калифорнияның 25,5 млн астам тұрғыны коронавирус жұқтыруы мүмкін.

Бұл туралы штат губернаторы Гэвин Ньюсом мәлімдеді, деп хабарлады iz.ru.

Осылайша, болжам бойынша штат тұрғындарының 56%-ы COVID-19 жұқтыруы мүмкін.

Губернатордың айтуынша, кейбір аудандарда вирус жұқтырғандардың саны әр төрт күн сайын екі есеге артып отыр.

Мәліметтер бойынша, АҚШ-та 13 мыңнан астам адам вирусты жұқтырған.

Хабар 24 телеарнасы