423,04 511.30 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Иранда әр 10 минут сайын 1 адам коронавирустан көз жұмады

  • 864
  • UPD: 15:42, 20.03.2020

Иранда әр 10 минут сайын бір адам коронавирустен көз жұмады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Елдің денсаулық сақтау министрлігі келтірген дерек осындай. Аталған ведомствоның мәліметінше, әр сағат сайын 50 ирандық инфекция жұқтырады екен. Алда әлі Наурыз мерекесі келе жатқанын ескерген билік өкілдері бұл жайтқа қатты алаңдаушылық білдіріп отыр. Жалпы қазіргі уақытта Иран аумағында барлық сауда орталықтары мен дүкендер жабылған. Бұған індеттің кеңінен етек жаюы себеп болып тұр.

Айта кетейік, бүгінде бұл ел коронавирус жұқтыру деректерінің көрсеткіші бойынша әлемде үшінші орында тұр. Санға салсақ, науқастардың жалпы саны 18 мыңнан асады.

Хабар 24 телеарнасы