424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Apple компаниясы iPhone сатылымын екі данаға дейін шектеді

  • 419
  • UPD: 17:20, 20.03.2020
Apple компаниясы iPhone сатылымын екі данаға дейін шектеді

Apple компаниясы бірнеше елдердің, соның ішінде АҚШ пен Қытайдың интернет-дүкендерінде бір адамға бірдей үлгідегі екі iPhone смартфонын ғана сату туралы шешім қабылдады.

Бұл туралы Reuters хабарлады.

Хабарлауынша, мұндай шектеу компания бірнеше елде коронавирусқа байланысты дүкендерін уақытша жабу туралы шешім қабылдағаннан кейін күшіне енді.

Сонымен бірге Canalys аналитикалық компаниясының өкілдерінің пікірінше, компания Apple құрылғыларының нарықта алыпсатарлардың қолында кетуіне мүмкіндік бермеу үшін интернеттегі сатып алуларды шектеген болуы мүмкін.

Ал Apple өкілдері түсінік беруден бас тартты.

Хабар 24 телеарнасы