439,01 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қытай Грекияға дерттен қорғану құралдарын жөнелтті

  • 79
  • UPD: 12:10, 21.03.2020
Қытай Грекияға дерттен қорғану құралдарын жөнелтті

Қытай Грекияға коронавируспен күреске көмек ретінде дертке қарсы қорғаныш заттарын жібереді.

Жүк тиелген ұшақ Афинаға алдағы сенбі күні баруы тиіс. Көмек бетперде, арнайы көзілдірік, медициналық қолғап және қорғаныш киімдерінен тұрады. Бірер күн бұрын осы елдегі Қытай елшілігі де грек Денсаулық сақтау министрлігіне 50 мың маска сыйлаған болатын. Ал Грекияда соңғы бір күнде «КОВИД-19» тағы 46 адамнан анықталып, дертті жұқтырғандардың саны 464-ке жетті. Вирустан 6 адам қайтыс болған.

Хабар 24 телеарнасы