428,05 501,70 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Украинада кәсіпкерлер салық төлеуден уақытша босатылды

  • 414
  • UPD: 11:53, 21.03.2020
Украинада кәсіпкерлер салық төлеуден уақытша босатылды

Украинада 3 адам коронавирустан қайтыс болды, осы уақытта вирус жұқтырғандардың саны 41-ге жеткен. Халықаралық және ішкі транспорттық қатынаулар тоқтатылды, үш ірі қалада метро жұмыс істемейді. «Халықты инфекциялық аурулардан қорғау» туралы уақытша Заң аясында кәсіпкерлер 1 наурыздан 31 мамырға дейін салық төлеуден босатылған.

Аида Қыдырбай, тілші:

- Украина астанасында адам саны айтарлықтай азайған. Киев көшелері мүлгіген тыныштыққа енген. Алайда күнделікті жұмысқа баруға мәжбүр адамдар, бірқатар қиындыққа тап болып отыр. Метро жұмысын тоқтатқаннан бері қоғамдық көлік: троллейбус пен автобус, таксиге де сұраныс бірнеше есе артқан, тіпті автобусқа кезек бойынша он адамды ғана кіргізуге рұқсат. Карантин аяқталғаннан кейін 500 мың украин азаматы тұрақты жұмысынан айырылып қалуы мүмкін деген болжам бар.

Украинада карантин басталғаннан бері, елдегі еңбек нарығы мен экономика тұрақсыз. Ел Үкіметі бюджетке өзгеріс енгізуді жоспарлайды, атап айтқанда,  Қазақстан сияқты коронавирусқа күресті күшейту мақсатында қазынадан қаражат қарастырылмақ. «Халықты инфекциялық аурулардан қорғау» туралы уақытша Заң аясында, бизнес 1 наурыздан 31 мамырға дейін салық төлеуден босатылады. Дегенмен, бизнестің болашағы бұлыңғыр, өйткені кәсіпорындар ел бойынша  қызметкерлерін жұмыстан босатып жатыр. 

Владимир Зеленский, Украина президенті:

- Көптеген кәсіпорын басшылары жұмыскерлеріне мәжбүрлі түрде қызметінен босату туралы өтініш жаздырып жатыр деген ақпарат бар. Бұл заңсыз әрекет. Халыққа арнап айтарып, ешкім сіздерді жұмыстан заңсыз босата алмайды. Қорықпаңыздар, басшылық қысым көрсетсе бірден полицияға хабарласыңыздар. 

Украина шекарасындағы қарбалас та саябырсыды. Карантиннің алғашқы күні  шекара арқылы 144 мың адам өтсе, қазір бұл көрсеткіш 30 мыңға дейін қысқарған. Елге кірген азаматтарды медицина қызметкерлері тексерістен өткізіп, екі апталық карантинге жатуға кеңес беруде. 17 наурыздан бастап, халықаралық көлік қатынасы толығымен тоқтатылды.

Владимир Зеленский, Украина президенті:

- Барлық азаматтарымыз Отанына оралады. Мемлекет Чартер арқылы демалысқа кеткен украиналықтарды да елге қайтару ісіне барынша көмек көрсетпек.  Қазіргі уақытта бұл індеттен 3 адам қайтыс болды, 26 адам жұқтырған. Арасында үш бала бар. Коронавирус жұқтырған алғашқы украиналық жазылып шықты.  

Дегенмен, далада сауда жасап, кішігірім жәрмеңке ұйымдастырушылардың саны азаймай тұр. Автобусқа да кезек сақтамай, жанталаса кіретін адамның қарасы көбейген. Тәртіпті сақтау үшін Киевтің әр аялдамасында 2 полицейден тұрады. Олар аялдамаға маскасыз адамды кіргізбейді және автобусқа оннан артық жолаушы отырғызбайды.

Авторлары: Аида Қыдырбай, Сергей Качанов

Хабар 24 телеарнасы