425.40 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ливандағы сириялық босқындар коронавирустың таралуына алаңдаулы

  • 405
Ливандағы сириялық босқындар коронавирустың таралуына алаңдаулы

Ливандағы «сириялық босқындар лагерьлерде коронавирус таралып кете ме» деп алаңдаулы. Негізі бұл орындарда індетке шалдығудың бір де бір оқиғасы әлі тіркелмеген.

Алайда мигранттар «ауруды бір кісі жұқтырса, антисанитариялық жағдайдың кесірінен ол лагерьге лезде таралып кетеді» дейді. Жалпы осы Ливанда коронаирусты 150-ге жуық адамның жұқтырғаны расталды. Төртеуі көз жұмған. Өткен аптаның аяғында мұнда төтенше жағдай жарияланды. Негізі елде босқын ретінде тіркелген сириялықтардың саны бір миллионнан асады. 

Хамда Аль Мохамед, сириялық босқын:

- Бізге көмек керек, қорғаныс қажет. Шатырлардың астында тұрып жатырмыз. Яғни жеке-жеке бөлме жоқ. Бәріміз бір жерде жатырмыз. Бетперде, зарарсыздандырғыш дегендер атымен жоқ. 

Мұхаммед Аль Бакас, сириялық босқын:

- Мұндағылар түсіндіру жұмыстарын жүргізді де, қолымызға бір сабыннан ұстатып қоя берді. Сондықтан маска не зарарсыздандырғыш заттарды дәріханадан алу керек. Алайда бізде оны сатып алатын ақша қайдан болсын?

Хабар 24 телеарнасы