399,51 448,90 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Италиядағы үй-күйсіз жүргендердің жағдайы нашарлап барады

  • 284
  • UPD: 11:32, 21.03.2020

Италиядағы үй-күйсіз жүргендердің жағдайы халықаралық ұйымдарды алаңдатып отыр. Бір ғана Римде олардың саны 7 жарым мыңнан асады.

Коронавирусқа байланысты қазір бүкіл ел карантинде. Халық мүмкіндігінше сыртқа шықпауға тырысады. Сондықтан қаңғыбастарға бұрынғыдай ешкім садақа бермейді. Ал мейрамханалар жабық тұрған соң оларға тамақ та қалмайтын болған. Үй-күйсіз жүргендер вирусты жұқтыру қаупі жоғары топқа кіреді. Бұл ретте оларға Қызыл крест өкілері көмектесе бастаған. Волонтерлер қаңғыбастарға тамақ пен ең қажетті деген тауарларды көлікпен тасып жатыр. 

Эмилиано Лоппа, Қызыл крест және қызыл жарты ай халықаралық қозғалысының өкілі:

- Жағдай расымен өте күрделі. Біз үй-күйі жоқ жандарға онсыз да жәрдемдесіп келеміз. Алайда коронавирустың тез таралуына байланысты көмекті көбейттік. Оларға азық-түлік те, киім де қажет. Бетперделері жоқ.

Хабар 24 телеарнасы