412,24 465,50 5.83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркияда коронавирустан көз жұмғандар саны 9 адамға жетті

  • 365
  • UPD: 10:29, 21.03.2020
Түркияда коронавирустан көз жұмғандар саны 9 адамға жетті

Түркияда бір тәулікте коронавирустан көз жұмғандардың саны 5 кісіні құрап, 9 адамға жетті. Ал 670 кісінің COVID-19 жұқтырғаны белгілі болды.

Кеше бұл көрсеткіш 359 болған. Бұл туралы Түркиядағы меншікті тілшіміз Меруерт Қанағат денсаулық сақтау министріне сілтеме жасап хабарлайды. Соңғы мәліметтерге сәйкес, көз жұмғандардың дені егде жастағы адамдар.

Жалпы ақпарат:

Түркияда коронавирус жұқтырудың алғашқы дерегі 11 наурыз күні анықталды. Ел бойынша COVID-19 жұқтырған және коронавирустық инфекциядан қайтыс болған адамдардың жалпы саны төмендегідей:

11 наурызда 1 кісі жұқтырды;

13 наурызда 5 кісі жұқтырды

14 наурызда 6 кісі жұқтырды

15 наурызда 18 кісі жұқтырған

16 наурызда 47 кісі жұқтырды

17 наурызда 98 кісі жұқтырды, 1 адам көз жұмды

18 наурызда 191 кісі жұқтырды, 2 адам көз жұмды

19 наурызда 359 кісі жұқтырды, 4 адам көз жұмды

20 наурызда 670 кісі жұқтырды, 9 адам көз жұмды.

Хабар 24 телеарнасы