418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


COVID-19. Францияда көз жұмғандар саны 450 адамға жетті

  • 328
  • UPD: 13:35, 21.03.2020
COVID-19. Францияда көз жұмғандар саны 450 адамға жетті

Францияның денсаулық сақтау басқармасы коронавирустан тағы 78 адамның көз жұмғанын хабарлады. Осылайша бұл кеселден қаза тапқандардың қатары 450-ге жетті. Ал инфекция жұқтырғандардың саны 12 мың 612 болды. Мыңнан астам адам ауыр халде жатыр.

Жером Соломон, Францияның  денсаулық сақтау басқармасының өкілі:

- Эпидемия еліміздің көптеген өңірінде тіркелді. Кейбір аймақтарда вирустың таралуы қарқын алып барады. Жақсы жаңалық та бар. Бүгінгі таңда 1587 адам емделіп ауруханадан шықты. Аурудың алдын алу шаралары жалғасады. Жағдайдың ушықпауы қойылған талаптардың орындалуына байланысты.

Таяуда билік аймақтағы көптеген ғимараттар мен саябақтарды жауып тастады. Шектеулер тек демалыс күндеріне ғана арналған. Қоғамдық орындарда күнде залалсыздандыру жұмыстары жүргізілуде.

Хабар 24 телеарнасы