411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Италиядағы «Splendid» круиздік лайнері ауруханаға айналмақ

  • 199
  • UPD: 18:13, 21.03.2020
Италиядағы «Splendid» круиздік лайнері ауруханаға айналмақ

Италияның Генуя қаласында тұрған «Splendid» атты круиздік лайнер дүйсенбіден бастап коронавируске шалдыққан науқастар үшін ауруханаға айналмақ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұған вируске шалдыққан адам санының күрт өсуі себеп болып отыр.

Айта кетейік, қазір Италияда вирус жұқтырғандардың қатары Қытайдағы науқастардың санынан артық. Билік Еуропаның өзге елдеріне қарағанда шекараны бірінші болып жапса да, індеттің өршуін тоқтата алмай отыр. Қазір бұл ел толық карантинде.

Хабар 24 телеарнасы