411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нью-Йорктегі қонақүйлер стационарлық емдеуге пайдаланылады

  • 170
  • UPD: 18:13, 21.03.2020
Нью-Йорктегі қонақүйлер стационарлық емдеуге пайдаланылады

Нью-Йорк билігі бос тұрған қонақ үйлерді коронавируске шалдықпаған науқастар үшін станционарлық емдеуге пайдаланбақ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сонымен қатар студенттердің жатақханасы мен өзге де ғимараттарда да уақытша емдеу шаралары жүргізілетін болады. Бұл – ауруханаларда коронавирусқа шалдыққандар үшін орын босату мақсатында жасалып отырған қадам.

Тодд Семонайт, АҚШ әскерінің генерал-лейтенанты:

– Бұл іске тез арада кірісуіміз керек. Болжам бойынша вирустың таралуы сәуір айның ортасында қарай ушығуы мүмкін. Егер қонақүйлер бос тұрып, қызметкерлер жұмыссыз отырса, барлық шығынды өтеп, ғимараттарды жалға аламыз. Федералды агенттіктен қаржылай көмек көрсетіліп жатыр.

Вирус тез тарап жатқан Нью-Йорк қаласында волонтерлер өз жұмыстарын жалғастыруда. Еріктілер шаһардың барлық өңіріндегі азық-түлік қоймаларда көмекке мұқтаж жандарға жәрдемдесіп жатыр. Айта кетейік, қазір аймақта миллионнан астам адам ашқұрсақ жүр.

Хабар 24 телеарнасы