411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркияда соңғы бір тәулікте 311 адамнан коронавирус анықталған

  • 215
  • UPD: 20:02, 21.03.2020
Түркияда соңғы бір тәулікте 311 адамнан коронавирус анықталған

Түркияда коронавирустан бір тәулікте тағы 5 адам көз жұмды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сөйтіп қайтыс болғандардың саны 9-ға жетті. Ал вирусты ел бойынша 670 адам жұқтырған. Кеше бұл көрсеткіш 359 болған. Бұл туралы Түркиядағы меншікті тілшіміз Меруерт Қанағат денсаулық сақтау министріне сілтеме жасап хабарлайды. Соңғы мәліметтерге сәйкес, көз жұмғандардың дені – егде жастағы адамдар.

Айта кеткен жөн, елде соңғы 1 тәулікте 3 мың 656 кісіге сынама жасалып, ондағы 311 адамнан жұқпалы вирус анықталған.

Хабар 24 телеарнасы