427,82 518.00 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қырғызстанда төтенше жағдай енгізіледі

  • 603
  • UPD: 21:31, 21.03.2020
Қырғызстанда төтенше жағдай енгізіледі РБК

Қырғызстанда коронавирусқа байланысты жексенбіден бастап төтенше жағдай енгізіледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шешім бүгін президент Сооронбай Жээнбековтің қатысуымен өткен Қауіпсіздік кеңесінің отырысында қабылданды. Жиында ел аумағында індеттің таралуына тосқауыл қоюға бағытталған шаралар талқыланды. Үкіметке мемлекеттің төтенше жағдай режиміне көшуге қажетті оперативтік іс-қимылдар қарастыру тапсырылды. Қолға алынатын шараға сәйкес Қырғызстанда ертеңнен бастап елді мекендерде қоғамдық көліктің жүруі және адамдардың қатынауы шектеледі.

Куатбек Боронов, Қырғызстан үкіметі төрағасының орынбасары:

– Ең алдымен адамдардың көптеп жиналуына шектеу енгізу шаралары бойынша шешім қабылданады. Бұл індеттің таралуының басты себебі болып отыр. Осымен қатар халық көп қатысуы мүмкін іс-шараларды өткізуге тыйым салынады.

Хабар 24 телеарнасы