Боливияның жоғарғы соты осы жылдың 3 мамырына жоспарланған президенттік сайлауды кейінге шегерді, деп хабарлайды «Хабар 24».
Саяси доданың нақты қашан өтетіні әзірге белгісіз. Бұған дейін Боливия билігі шекарасын жауып, ел аумағы бойынша карантин жариялаған болатын. Халықаралық әуе рейстері де уақытша тоқтатылды. Бүгінде елде 19 адам кеселге шалдыққан. Тағы 168 адам тексерістен өтуде.