423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Угандада коронавирус жұқтырған алғашқы адам анықталды

  • 478
  • UPD: 18:32, 22.03.2020
Угандада коронавирус жұқтырған алғашқы адам анықталды

Коронавирус Африка елдеріне де тарап жатыр. Угандада жаңа дерек тіркелді. Вирус Дубайға барып қайтқан 36 жастағы жергілікті тұрғыннан анықталды.

Ол әуежайға келісімен өзін жайсыз сезініп, дене қызуы барын айтқан. Дәрігерлер дереу тексеріп, оның «КОВИД-19»-ды жұқтырғанын анықтады. Жалпы Угандада бұған дейін індетке қарсы сақтық шаралары барынша күшейтілген. Мектептер жабылып, адамдардың топтасып жүруіне тыйым салынған.

Джйн Асенг, Уганда денсаулық сақтау министрі:

- Індеттің таралуын болдырмау үшін әуежайларды жабамыз. Шара ертеңнен бастап күшіне енеді. Яғни енді әуежайлар жүк ұшақтарынан басқа ұшақтарды қабылдамайтын болады.   

«КОВИД-19» Таяу Шығыстағы Газа секторында да тіркелді. Бұл аймақта дерт Пәкістанға барған 2 тұрғыннан анықталды. Олар жолай Египетке соққан екен. Жалпы қазір Газа секторында 1 мыңнан астам адам карантинге жабылған. Мұнда да өзге елдердегідей вирустың таралуын тежеу үшін шектеу шаралары енгізілген.

Хабар 24 телеарнасы