411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ыстамбұлдықтар күн сайын дәрігерлерге қол шапалақтап, алғыс айтуда

  • 180
  • UPD: 19:26, 22.03.2020

Ыстамбұл халқы күн сайын сағат 21:00-де ашық терезе мен балкондардан қол шапалақтайды.

Осылайша, үйде отырған мегаполис тұрғындары коронавируспен күресіп жатқан медицина қызметкерлеріне алғыс айтады.

Айта кетейік, Түркияда коронавирус жұқтырғандардың қатары 947-ге, ал қайтыс болғандар саны 21-ге жетті. Билік пандемиямен күресте барлық шараларды қолға алуда. Аймақта қоғамдық іс-шаралардың өтуіне тыйым салынды. Мамандар халық көп жиналатын жерлерді үнемі зарарсыздандырып отырады. Жұма намазы да уақытша мешітте оқылмайтын болды. Сонымен қатар Таяуда тағы 46 елмен әуе қатынасы шектелді. Тізімде Қазақстан да бар. Осылайша, енді Түркиядан шығатын әуе рейстер әлемнің 71 еліне ұшпайтын болды.

Хабар 24 телеарнасы