412,24 465,50 5.83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Колумбияда Италиядан келген саяхатшыдан вирус жұққан адам көз жұмды

  • 277
  • UPD: 19:49, 22.03.2020
Колумбияда Италиядан келген саяхатшыдан вирус жұққан адам көз жұмды

Колумбияда коронавирустан алғашқы адам көз жұмды. Марқұм 58 жастағы такси жүргізушісі екен.

Ол вирусты Италиядан келген саяхатшыларды көлігімен тасып жүріп жұқтырып алған. Өзі бұған дейін қант диабетімен ауырған көрінеді. Бұл елде COVID-19-ды жұқтырғандардың жиын саны 210-ға жетті. Бірнеше күн бұрын Президент Иван Дуке елде жалпыұлттық карантин жариялап, шетелдіктердің ел аумағына кіруіне тыйым салған.

Хабар 24 телеарнасы