421,39 511.30 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Иранда коронавирустан қайтыс болғандардың саны азаймай тұр

  • 475
  • UPD: 08:37, 23.03.2020
Иранда коронавирустан қайтыс болғандардың саны азаймай тұр

Әлемде коронавирус ең көп таралған елдердің бірі Иранда инфекциядан қайтыс болғандардың саны азаймай тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соңғы бір тәулікте вирустан тағы жүзден астам адам көз жұмған. Денсаулық сақтау министрлігінің мәлімдеуінше, қайтыс болғандардың 70 процентке жуығының жасы – 60-тан асқандар. Бірақ тұрғындар билік шындықты жасырып отыр дейді. Мысалы коронавируспен күресіп жатқан дәрігерлер арасында да өлім көбейген. Ол аздай, медициналық құрал-жабдықтар жетіспеуде.

Айта кетейік, Иранда вирусты жұқтырғандардың саны 21 мың 600-ден асқан. Індет елдің барлық аймағына таралған. Әлемнің 16 елі инфекцияның алдымен осы Ираннан келгенін хабарлады.

Хабар 24 телеарнасы