443,50 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қытайда коронавирус жұқтырғандардың 90% жазылып шықты

  • 216
  • UPD: 11:59, 23.03.2020
Қытайда коронавирус жұқтырғандардың 90% жазылып шықты news.liga.net

Елде орташа есеппен өлім көрсеткіші 4 пайызды құрайды. Оның көбі Уханьда тіркелген.

Қазіргі таңда медициналық мекемелерде 5120 науқас емделіп жатыр. Бұл туралы ҚХР денсаулық сақтау бойынша мемлекеттік комитеті хабарлады.

Эпидемия басталғалы бері 81 093 адамға вирус жұққан, кейінгі мәліметтерге сәйкес, соның 72 703-і жазылып шыққан.

Бұл сырқаттанғандардың шамамен 90 пайызы.

Хабар 24 телеарнасы