445,84 487,00 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өзбекстанда көшеде маскасыз жүргендерге айыппұл салынады

  • 133
  • UPD: 15:58, 23.03.2020

Өзбекстанда көшеде бетпердесіз жүрген азаматтарға айыппұл салынады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Коронавирусқа қарсы күрес жөніндегі арнайы республикалық комиссия кеше осындай шешім шығарды. Есесіне көрші мемлекекетте вирус жұқтырғандардың саны 46 адамға жетіп отыр.

Осы күнге дейін коронавирустың бір дерегі Хорезм облысында анықталса, қалғаны Ташкент шаһарында тіркелген. Оның ішінде 16 науқас қауіпті індетті бір адамнан жұқтырып отыр. Эпидемиологиялық ахуал көршілерде күн сайын ушығып барады.

Үкіметтің бүгіннен бастап көшеде медициналық маскасыз жүруге тыйым салғаны сондықтан шығар. Алайда қазір бетпердені бәрі бірдей тағып жүрген жоқ. Ережені елемегендерге әзірге ауызша ескерту жасалады. Бірақ наурыздың 25-сінен жергілікті билік айыппұл сала бастайды. Оның көлемі – 223 мың сом. Бұл – біздің валютаға шаққанда шамамен 10 мың теңге. Құқықбұзушылық қайталанатын болса, 30 мың теңгеден қағыласыз. Бүгінде Ташкентте 2,5 млн халық бар. Бұл санға шаһар маңындағы елді мекендерден күнде келіп-кететін тағы 1 млн адамды қосыңыз. Халықтың көптігіне қарамастан, қазір бас қала тынып, тыншығандай. Көшелерде адам қарасы азайды. Тұрғындар үйлерінен шыққысы жоқ. Кешеден бері ел астанасында қоғамдық көліктердің қозғалысы тоқтатылды. Атап айтқанда, қоғамдық автобустар мен метро жұмыс істемейді. Енді ташкенттіктер таксимен қатынауға мәжбүр. Оның өзі бұл көліктер санитарлық-эпидемиологиялық орталықта зарарсыздандырылуы тиіс. Мұны растайтын тиісті анықтамалар рейске шыққан әр такси жүргізушісіне беріледі. Қазіргі уақытта Өзбекстанда 12 мыңнан астам адам карантинде жатыр. Оның 5300-і өз үйлерінде оқшауланған. Алайда каратин ережесін бұзатындар жоқ емес. Осы күндері төрт азамат әкімшілік жауапқа талтылса, тағы үшеуі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Авторлары: Ж.Біркенов және Қ.Оспан

Хабар 24 телеарнасы